Channel Avatar

ALEM QUTBASY @UCzzBDLWgqfpko9NM7H4wGTA@youtube.com

25K subscribers - no pronouns :c

Әлемнің үздік насихаттары! • Пайғамбарымызға (ﷺ) салауат ай


Welcoem to posts!!

in the future - u will be able to do some more stuff here,,,!! like pat catgirl- i mean um yeah... for now u can only see others's posts :c

ALEM QUTBASY
Posted 1 year ago

Ассалаумағалейкум! Ағайындар, жаңа логотип жасадық!
Q (qutba) + Компас 🧭 + Микрофон 🎙️ = Жаңа логотипымыз ❤️
Сізге ұнайды ма?

13 - 3

ALEM QUTBASY
Posted 1 year ago

Дұға жасаған сәтіңде максималист бол. Есеп-қисапсыз Фирдаус Жәннатына кіруді сұра. Пайғамбарымыздың ﷺ ең жақын көршісі болуды сұра. Жаратушының Ұлық Дидарын ең алғашқы, ең ұзақ және ең жиі көретіндерден болуды сұра.
Лайық емеспін деме. Ешкім құлшылығымен бұл нығметтерге бөлене алмайды, Раббымыздың Мейірімі түспесе.
Сұра 🤲🏻❤️

55 - 4

ALEM QUTBASY
Posted 1 year ago

Жүректе қаттылық байқалса…

24 - 1

ALEM QUTBASY
Posted 1 year ago

Ютубта жазған посттарымызды қарасақ, күні кеше ғана 8000 көрерменге жеттік деп қуанып отырған едік :) Бүгінде 23 000-нан асып кетіппіз, Аллаға шүкір!

Инстаграм желісіндегі оқырмандарымыз айтарлықтай белсенді, ендігі жоспар ютуб арнамыздың да белсенділігін арттыру. Алла жазса арнамызда жарияланатын видеоларға пікір жазып, жақындарыңызбен бөлісуге шақырамыз 🫶🏻

11 - 0

ALEM QUTBASY
Posted 3 years ago

Осы видеоны көрдіңіз бе?
Видео ұнады ма?
Қандай әсер алдыңыз?

8 - 0

ALEM QUTBASY
Posted 3 years ago

43 - 15

ALEM QUTBASY
Posted 3 years ago

📝 Ассалаумағалейкум!
Қалдарыңыз қалай бауырларым, қарындастарым?

Аллаға шүкір, сіз-біздесіп отырып парақшамызға бірігіп атау ойлап таптық. Атауымыз ауысқанымен жүрегіміз бәрі бір "Алаш ❤" деп соғады ☺

Алла қаласа, әлемге әйгілі, ықпалды саналатын мұсылмандардың насихат, уағыздарын, құтбаларын аударып, сіздермен бөлісетін боламыз.

🎙 Нұғман Әли Ханның, Хасан Әли, Ясир Қазының т.б. "😨 уааау, мә шә Аллаһ не деген керемет уағыз мынау" дегізетін уағыздары баршылық, соларды Алланың көмегімен аударып, дыбыстауға ниеттіміз 😊

Ең алдымен, бұл еңбектеріміз өзімізге (осы дүниеде де Ахиретте де) пайда берсе екен дейміз. Кейін, сіздердің де, ұлтжанды бауырларымыздың, қарындастарымыздың бір кәделеріне жараса екен деп үміттенеміз.

🦋"Көбелектің эффектісі" ұғымын естен шығармай, осы істеп отырған кішкентай еңбегіміз үлкен өзгерістерге себеп болады деп сенеміз. Ал ондай өзгерістерді сіз бен біз біріксек қана жасай аламыз, Алланың жәрдемімен. Ол үшін видеоларымызға ұялмай пікір жазып 💌, лүпіл басып ❤, видеоларды достарыңызбен 👥 бөлісулеріңізді сұраймыз.

⤵Видеоларды жүктеу оңай болуы үшін телеграм арнасы да ашылған. Қаласаңыз ютуб, инстаграмға жасалған мұқабаларымызды да еркін пайдалансаңыздар болады.

P.S.
❗ Ағайын, күш - бірлікте! Видеоны дайындауға (аудару, мәтінді өңдеу, мәтінді дыбыстау, дыбысталған аудионы да өңдеу, кейін видео монтаждауға) біраз уақыт кетеді. Сондықтан, сіздерден, видеоларды талқылауда, оларды бөлісуде белсенділік танытуларыңызды сұраймыз.

Сіздердің белсенділіктеріңіз қосымша шабыт берері сөзсіз. Жалпы болашақта видеоларымыз жиі шығып тұруы үшін кәсіби аудармашыларды жалдау ойда бар 🤔 Бірақ оған дейін біз де сіздер де қолдан келгенімізді аямайық.

Алла баршамызға разы болсын!


😊 Айтпақшы, фотодағы кісі кім?

50 - 11

ALEM QUTBASY
Posted 3 years ago

📝 "Аллаһ Тағаладан жәннатты сұрасаңдар, Фирдаусты сұраңдар!"
(с) Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын)

Арманда! Мақсат қой! Талпын!
Саған үлкен үміт артамыз!
Саған сенеміз! Сенің қолыңнан келеді!
Аллаһ жар болсын, жарқыным! ❤

21 - 3

ALEM QUTBASY
Posted 3 years ago

✔ Ешнәрсеге қарамай алға ұмтыл!

📝 Мойындаңызшы, әрбір адамның, ол мейлі жас, мейлі егде жасқа келген болсын, бұл дүниеде жете алатын жаңа белестері болады. Сондай-ақ оның өз бойында өзгертуге, түзетуге болатын әлсіздіктері мен кемшіліктері бар. Сізді жақсы жаққа өзгерте алатын және сіздің өзгертуіңіз қажет болған нәрселер әрқашан табылады. Бірақ жетістікке жету үшін, ең алдымен, ыстық ықылас пен шынайы ниет қажет.

Содан кейін сіз өзіңіздің нәпсіңізге, жалқаулығыңызға, қорқынышыңызға қарсы күресті бастауыңыз керек. Бұл сіздің жетістікке жету жолындағы ең алғашқы және ең маңызды қадамдарыңыз болады. Оларды жеңгеннен кейін, сіздің өміріңізде сіз армандаған және асыға күткен оқиғалар мен өзгерістер орын ала бастайды.

Алайда, есіңізде болсын, бұл жолға түскеннен кейін, шайтандар мен айналаңыздағы адамдар бойыңызға қорқыныш пен күмән туғызуға тырыса бастайды.

#арманда #талпын #ұмтыл #сеніңқолыңнанкеледі #alash_izbasarlary

31 - 0

ALEM QUTBASY
Posted 4 years ago

✅ Пайғамбарымыздың ﷺ сүннетінен алынған күнделікті дұғалардың бізді қалай қорғайтындығының мысалы.

❗ Шейх баяндайды:

«Бір еркек әйелін ертіп маған келген болатын. Оның пайымдауынша, әйелі оны қатты жек көреді екен және күйеуі үйде болмағанда ғана әйелі өзін жайлы сезінетін көрінеді. Мен ол кісінің әйелінен, бойындағы өзгерістері туралы сұрағанымнан кейін әйелдің сиқырланғанын түсіндім.

Мен оған Құран оқып, дем салған уақытымда, оның бойындағы жын сөйлей бастады. Жынмен арамыздағы өткен әңгіменің қысқаша мазмұнын айтып берейін.
(Әрі қарай, Ш – Шейх; Ж – Жын).

Ш: - Сенің есімің кім?
Ж: - Мен өз есімімді саған ешқашан айтпаймын!
Ш: - Қандай дінді ұстанасын?
Ж: - Ислам дінін.
Ш: - Мұсылманға мұсылманды қорлауға рұқсат берілген бе?
Ж: - Мен оны жақсы көремін және де оны қорлап жүрген жоқпын. Бірақ мен күйеуінің оны тастап кеткенін қалаймын.
Ш: - Сен оларды ажырастыруды қалайсын ба?
Ж: - Ия.
Ш: - Бұған саған рұқсат жоқ. Аллаға мойынсұнып, бұл кісіден шық!
Ж: - Жоқ… Жоқ, мен оны жақсы көремін.
Ш: - Ол сені жақсы көрмейді.
Ж: - Жоқ, ол мені жақсы көреді.
Ш: - Сен өтірік айтасын! Ол сені жек көреді және бұл жерге сені өзінен шығару үшін келді.
Ж: - Мен ешқашан шықпаймын.
Ш: - Онда Алланың көмегімен мен сені Құран оқу арқылы өртеп (күл қылып) жіберемін.

Мен аяттарды оқуды бастағанымда ол шыңғырып жіберді.

Ш: - Шығасын ба?
Ж: - Бір шартпен ғана шығамын. Одан шығып, бірден саған кіремін.
Ш: - Жарайды, егер қолыңнан келсе, одан шық та, маған кір.

Бірнеше уақыттан кейін ол жылап жіберді.

Ш: - Сенің бұл әрекетіне не себеп болды? Неге жылап отырсың?
Ж: - Бір де бір жын бүгін саған кіре алмайды.
Ш: - Неге?
Ж: - Себебі сен бүгін таңертең мына дұғаны 100 мәрте айттың:

لا إله إلا الله وحده لا شريك له ، له الملك وله الحمد ، وهو على كل شيء قدير

"Ләә иләәһә иллАллаһу уәхдәһу ләә шәриикә ләһу ләһу-ль мульку уә ләһу-ль-хәмду уә һууә әләә кулли шәй ин қодиир".

Мағынасы: "Жалғыз Алладан басқа Құдай жоқ, Алланың серігі де көмекшісі де жоқ, барлық билік пен мақтау Оған ғана тиесілі және Алланың құдіреті бүкіл нәрсеге жетеді".

Адамзаттың асыл тәжі, Пайғамбарымыз ﷺ рас айтқан:

"Кім бұл сөздерді күніне 100 рет айтса, оған 10 құлды азат еткенге тең сауап жазылады. Бұған қоса, оған 100 игі іс жазылып, 100 күнәсі кешіріледі. Әрі сол күні кеш батқанға дейін шайтанның зиянынан сақталады және ешкім бұл адамнан артық игі іс жасамайды, тек осы сөздерді көбірек айтқандар болмаса".

Ж: - Онда мен бұл кісіден шығамын!

Ол уәде беріп, әйелден шықты. Бұл Алланың Рақымы еді».

48 - 2