in the future - u will be able to do some more stuff here,,,!! like pat catgirl- i mean um yeah... for now u can only see others's posts :c
#Джентльмен
Қасымхан Бүркітұлына
Жасырып мұңға оранған күлкімізді.
Асырып айбар етіп сыртымызды.
Тәңірім ыдыратпай ырқымызды,
Сертіне адал еткей шіркін бізді!
Пендеден емес алған күннен үлгі.
Тұрғыздың қарасөзбен мінберіңді.
Ел деген екі әріпке елеңдеумен
Үзесің әр сәт сайын шідеріңді.
Жасаған жарылқағай жалқы ұлдарды.
Ерлерге елегізген халқың бар-ды.
Қайраған қайратсызды қаламымен,
Қайрадан қазақ еттің антұрғанды.
Бересің дәйім артқан аласыңнан.
Жақсыға қайда сендей жанашыр жан.
Жамандық келмесін деп шарт жүгініп,
Адамдық өлмесін деп аласұрған.
Текжатпас тегеурінмен ертеңдері.
Желектей желбіреумен өртеңдегі,
Басыңа тәж қып кидің тақияны.
Қаракөз қазағымның жентелмені!
Терең тебіреніспен: Ерқанат Кеңесбекұлы деп білерсіз
1 - 0
Абай елінде тілсіз жаумен күресіп шаһид болған есіл қаһармандардың иманы саламат болсын. Қабырғамыз қайысып тұр... Ерлеріміздің жандары жәннатта болғай. Ет жақындарына бекем болыңыздар дегеннен өзге амалымыз кем...😢
1 - 0
***
Ымыртта жамылса жаның мұң,
Басына келгендей қабірдің.
Іздедің білемін, іздедің,
Өйткені өзіңді сағындың.
Ұйқысыз таңымды атырып,
Беймаза жаныммен ах ұрып.
Махабат пәк сезім мен үшін,
Ешқашан жазбаған тақырып.
Суреткер салатын сурет пе ең?
Өзіңсің сүйюді үйреткен.
Мен сені сүйемін, сүйемін,
Темірдей сұп суық жүрекпен.
Жаныммен, тәніммен сезінген,
Мендегі оянған сезім бе ең?
Мен сені сүйемін, сүйемін,
Ешкімге сенбейтін көзіммен.
2 - 0
📎 Кәрі көктем
#Бозқараған үміттер бүр жарыпты.
Жапырақтың бетінде ℹ жыр қалыпты.
Диуанаға бәрі өлең боп көрінер,
✅ Сау адамға бұл өмір бірқалыпты.
Биші 🪄 қайың қыздай боп ырғалыпты.
Ескі адырдың ескі әні тыңдалыпты.
Ақын жүрек жалықпас таңданудан,
✅ Сау адамға табиғат бірқалыпты.
Ұры уақыт ✨ желкемнен ұрланыпты.
Жағасында жейдемнің 🔎 кір қалыпты.
Әлем алжып барады күлкім келді,
✅ Сау адамға айнала бірқалыпты.
Құрақ бала бұлақтан 📈 құр қалыпты.
Жесір көктем жаспын деп 📲 бұлданыпты.
Өңі ғана жасарған кәрі жалған
✅ Сау адамға бәрі де бірқалыпты!
0 - 0
#СОТ
Дүниенің төрт бұрышы – төрт тарап.
Төртеуі де бықсып жанған өрт-танап.
Арштағы ардың соты бір бөлек,
Бұл жақта да —
ЖҮРЕГІМДІ СОТТАМАҚ!
Жанарымнан қан боп аққан мұң әні
Есіл жаным күнәсіз
һәм күнәлі.
Езуімді тіледі әлі есіріп!
МЕНДІК ЖҮРЕК СОҚҚАНЫ ҮШІН КІНӘЛІ!
Бір райхан қыз маңдайымды сүртті кеп.
Мына қоғам зәһәр-зәрін бүркті кеп!
ЖҮРЕГІМДІ
ӘЛСІН-ӘЛСІН ӨЛТІРДІ ҚАЛАМЫНЫҢ ҰШЫМЕНЕН ТҮРТКІЛЕП!
УА, ҚҰБЫЛА ҚҰБЫЛА!
Сәл жымишы ұлыңа!
Асау жүрек ақырғы рет алқынып Тағы бір рет тиді елдің ЖЫНЫНА!
Бір басыма үйіп-төгіп кінәні,
Мына жақтың таусылмады сұрағы!
Ардың соты қоңырауын қаққанша ӨЛГЕН ЖҮРЕК
ӨМІР СҮРЕ ТҰРАДЫ!
0 - 0
Ерқанат Кеңесбекұлының шығармашылық web-кеңістігі. Қош келдіңіз!♻️