"Уақыт көрсетеді" бағдарламасының ерекшеліктері:
* Кәсіби сұхбат;
* Тосын сұрақтар;
* Бүкпесіз әңгіме;
* Шынайы эмоция;
* Эксклюзивті пікірлер;
* Ел алдындағы азаматтардың ащы шындығы- бағдарламаның ерекше стилін айқындайды.
Форматы: кәсіби сұхбат-диалог.
Бағдарламаның мақсаты: көп сұхбат бере бермейтін бірегей тұлғалардың ой-пікірін халыққа жеткізу. Керісінше, көпке танымал көп азаматтың ешкім білмейтін бейнесін ашу. Олардың қоғамда болып жатқан құбылыстарға деген көзқарасын білу. Бұрын-соңды айтылмаған эксклюзитвті пікірлерге куә болу. Тосын сұрақтар қою арқылы қонақтың жан түпкірінде, ой тереңінде жатқан шындығын айтқызу.
Бағдарламаның әр қонағын жаңаша қырынан ашып, көрермен көкейіндегі сұрақтарды қою.