Channel Avatar

Сенат Парламента Республики Казахстан @UCN7ci5peVk5J1KdWckbyKBA@youtube.com

6.9K subscribers - no pronouns :c

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының ресми Youtube-ар


Welcoem to posts!!

in the future - u will be able to do some more stuff here,,,!! like pat catgirl- i mean um yeah... for now u can only see others's posts :c

Сенат Парламента Республики Казахстан
Posted 1 year ago

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Абай облысындағы өрт төтенше жағдай кезінде әрекет ету жүйесінің қаншалықты тиімсіз екенін айқын көрсетіп бергенін айтты. Палата Спикері жауапты құрылымдар күзде Қостанай облысында болған өрттен сабақ алмағанына назар аударды.

«Егер осындай алапат өртпен алғаш рет бетпе-бет келіп тұрсақ, мәселе басқаша болар еді. Бірақ бізде мұндай оқиғалар жыл сайын қайталанып отыр. Күзде ғана Қостанай облысында үлкен өрт болды. Салдарынан 40 мың гектарға жуық жер өртеніп кетті. Соған байланысты Президентіміз тиісті органдарға нақты міндеттер жүктеді. Оны орындау үшін Үкімет ауқымды жұмысты қолға алдық деп есеп те берді. Бірақ Абай облысындағы оқиға бүкіл жүйенің уақтылы әрекет етпегенін, тиісті құрылымдар арасында үйлесім мен тәртіптің жоқ екенін көрсетті», – деді Мәулен Әшімбаев.

Айта кетейік, бүгін Сенат отырысында Палата депутаттары Үкіметтің және Жоғары аудиторлық палатаның 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарады.
https://youtu.be/DE-_t1hAz3k

0 - 0

Сенат Парламента Республики Казахстан
Posted 1 year ago

АШИМБАЕВ ВНОВЬ РАСКРИТИКОВАЛ КАБМИН ЗА НЕЭФФЕКТИВНУЮ РАБОТУ СПК И СЭЗ

Социально-предпринимательские корпорации не достаточно эффективно работают с деньгами, предназначенными для формирования стабилизационных фондов. Фиксируются факты ненадлежащего управления активами и земельными участками. Не оправдывают вложений и казахстанские специальные экономические зоны. Об этом заявил на пленарном заседании Сената Спикер Палаты Маулен Ашимбаев, заслушав отчет руководителей профильных министерств.

Маулен Ашимбаев возмутился тем, что 4 триллиона вложены государством на развитие СЭЗ. А отдачи, прежде всего, в виде налогов и рабочих мест, – по-прежнему нет.

Подверг критике Спикер Сената и деятельность СПК. Вместо того, чтобы помогать социальным и производственным проектам, эти организации раздают земли под строительство ресторанов, торговых домов, котеджных городков, дискредитируя саму идею создания СПК. Маулен Ашимбаев предложил Правительству совместно проработать ужесточение законодательства в этой сфере.

https://youtu.be/kTnrLhSCWyM

0 - 0

Сенат Парламента Республики Казахстан
Posted 1 year ago

Құрметті достар!
Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – ырыс пен ынтымақтың, татулық пен тұрақтылықтың және бейбітшілік пен келісімнің мерекесі. Бүгінде өзара достықты ту еткен Қазақстан халқы ұлттық бірегейліктің озық үлгісін көрсетіп келеді. Шын мәнінде, біз – әралуандықты береке-бірліктің өзегіне айналдырып, елдіктің іргетасын бекемдей алған елміз.
Қазіргі таңда осы бірлігімізге сызат түсірмей, одан әрі нығайту – алдымызда тұрған басты міндеттердің бірі. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік әрі берік болуы үшін бұл жолда жұдырықтай жұмылу аса маңызды. Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, татулық пен келісім тек мемлекеттік саясатта емес, қоғамда, үйде, ұжымда, жалпы, барлық жерде дәріптелуі қажет. Осы тұрғыдан келгенде, бүгінгі мейрамның мәні зор, маңызы ерекше.
Бірлік күнімен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық және құт-береке тілеймін! Егемен еліміз өсіп-өркендей берсін! Аспанымыз әрдайым ашық болсын!

Ізгі ниетпен
Мәулен Әшімбаев

9 - 0

Сенат Парламента Республики Казахстан
Posted 1 year ago

Санкт-Петербург қаласында ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің 55-ші пленарлық отырысы өтті. Оған Достастыққа мүше мемлекеттер Парламент Палаталарының басшылары қатысты.

Отырыста сөз сөйлеген Сенат Төрағасы парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары жөнінде өз пікірін білдірді.

9 - 1

Сенат Парламента Республики Казахстан
Posted 1 year ago

Попустительство или покровительство? Почему продолжается застройка в горных и предгорных районах Алматы? Объявить мораторий на строительство предложил Правительству сенатор Лукин.



«Частные строительные компании, прикрываясь мораторием на проверки бизнеса, меняют целевое назначение земель с крестьянского или садоводческого хозяйства на ИЖС, потом ведут застройку многоэтажных жилых комплексов на склонах, непосредственно прилегающих к предгорьям. В то же время эти склоны по своему составу не подходят для капитального строительства.



На одном из крупнейших казахстанских сайтов для размещения объявлений в сфере недвижимости, выставлены несколько объявлений о продаже земельных участков от 50 соток до гектара в микрорайоне Каменское плато. В одном объявлении собственник даже готов оказать помощь при переоформлении и изменении целевого назначения через связи в госорганах».

1 - 0

Сенат Парламента Республики Казахстан
Posted 1 year ago

Устраивает ли вас цена билетов и качество авиаперевозок?

2 - 0

Сенат Парламента Республики Казахстан
Posted 1 year ago

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Асанов Алжир Халық Демократиялық Республикасының Қазақстандағы Елшісі Камал Фенишпен кездесті.

Кездесуде Жақып Асанов дипломатқа екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту жолындағы нәтижелі қызметі үшін алғыс білдірді.

2 - 0