Channel Avatar

ALKEYEV @UCMgtOzuGj5VQJhYpCxqSCnQ@youtube.com

21K subscribers - no pronouns :c

Қазақстан және әлем тарихына шынайы көзқарас. Сұрақтар, жарн


Welcoem to posts!!

in the future - u will be able to do some more stuff here,,,!! like pat catgirl- i mean um yeah... for now u can only see others's posts :c

ALKEYEV
Posted 1 year ago

▶️“ALKEYEV” арнасына шығатын кезекті видеолардың тақырыптары:

• Саддам Хуссейн
• Шешенстанның азаттық үшін соғысы

✔️Сізге қызықты тақырып бар ма? Өз қалауларыңызды да жаза кетіңіздер👇

📚Тарихи тың факттарды көріп білгіңіз келсе, жазылыңыз:
t.me/alkeyev

31 - 11

ALKEYEV
Posted 1 year ago

⚡️КЕЙКІ БАТЫРДЫҢ АЗАПТЫ ӨЛІМІ

17 - 0

ALKEYEV
Posted 1 year ago

⚡️ҚАБАНБАЙ БАТЫР – ҚАЗАҚ ЕМЕС?!

«Қабанбай батырдың түп-тамыры қазақ емес» дәл осылай тарихшы Радик Темірғалиев мәлімдеді. Шамамен XVI-XVII ғасырлардың басында найман тайпасының Қаракерей руында Баистың қызы Мақта өмір сүрді. Ол шыққан тегі «сарт» болған Тохтарқожаға тұрмысқа шықты. Есімі айтып тұрғандай, Тоқтарқожа исламның алғашқы миссионерлерінен шыққан қожа табының өкілі болған болуы әбден мүмкін. Бұл некеде Мақта Байжігіт пен Ержігіт атты екі ұл туды. Бірде Тоқтарқожа Отанына оралып, өзімен Ержігітті алып кетеді. Байжігіт анасының найман туыстарының арасында қалып, өсті.
Оның шөбересі аңызға айналған Қабанбай батыр.

Аталмыш мәлімдемеге наразылар көп болғаны анық. Десекте, бұл деректерді Шәкәрім Құдайбердіұлы, Құрбанғали Халид, Мұхамеджан Тынышпаев сынды елеулі тұлғалардың жазбалары растап тұр.

📌«Мақтапайдың ері Тоқтарқожа деген түркістандық, одан: Байжігіт, Жанжігіт туады. Тоқтарқожа өмірінің соңында Жанжігітті ертіп еліне кетіп, олардан кім бар-жоғын біле алмадық. Байжігіт анасымен қалып, қазір әулеті сегіз болыс ел болып отыр». (Құрбанғали Халид. Тауарих хамса (Бес тарих). Алматы, 1992. 95 б.)

📌«Байыстың Мақтабай деген бір қызы Тоқтар деген сартқа тиіп, Ержігіт, Байжігіт деген екі бала тауып, Ержігіт сартпен еріп Түркістанға кетіп, Байжігіт мұнда қалған». (Шәкәрім Құдайбердіұлы. Шығармалары. Астана, 2018. 140 б.)

📌«Мақта сартқа тұрмысқа шыққан; Ұлы Байжігіт қырғызда қалды, ал екіншісі Ержігіт әкесі Тахтарқожамен бірге Үргенчке кетті» (М.Тынышпаев. Қырғыз-қазақ халқының тарихына материалдар. Ташкент, 1925. Б.72.)

❗️«Сарт» деген Орта Азияның отырықшы халықтарының өкілдері – қазіргі өзбектер мен тәжіктердің ата-бабалары.

✔️Тарихи тың факттарды көріп білгіңіз келсе, жазылыңыз: t.me/alkeyev

20 - 17

ALKEYEV
Posted 1 year ago

🌙 "ҚАҒБАНЫ ҚАНҒА БАТЫРҒАНДАР / МЕККЕ 1979 ЖЫЛ" видеосы ұнады ма?

❗️ Көрмегендер болса, видеоға сілтеме: https://youtu.be/oyO6StyPZwo

42 - 0

ALKEYEV
Posted 1 year ago

🌙 ҚАҒБАНЫ ҚАНҒА БАТЫРҒАНДАР / МЕККЕ 1979 ЖЫЛ

1979 жылы болған бұл оқиға жайлы көпшілік біле бермейді. Ал, біздің қоғам мүлдем
бейхабар десе болады. Жалпы, 1979 жыл елеулі оқиғаларға толы. Ол Ирандағы Ислам
революциясы. Кеңес Үкіметінің Ауғанстанға әскер кіргізуі. Мысыр мен Израиль 30
жылдық текетіресті тоқтатып, бейбітшілік бітімге қол қойды. Алайда, аталмыш
жылдың ең елеулі оқиғасы – күллі мұсылманға киелі Меккедегі Қағба орналасқан
«аль-харам» мешітін лаңкестердің басып алуы. 1979 жылдың 20 қарашасында «Аль-Масджид аль-Харам» ұйымының 500 қарулы мүшесі күзетшілерді атып өлтіріп, мешітке баса көктеп кіреді. Мешіттің 51 қақпасы жабылып, қажылыққа келген 6000-ға жуық адам
тұтқындалды. Мұнараларға снайперлер орналасып, мешіт аймағы толық бақылауға
алынған. Аталмыш лаңкестік ұйымның көшбасшылары – екі адам. Біріншісі 43 жасты
Джухайман аль-Утайби. Ол ұйымдастырушы және әскери дайындыққа жауапты болатын.
Екіншісі 44 жасты Мұхаммед аль-Кахтани – ұйымның рухани жетекшісі.

1000-нан аса адам өмірін жалмаған бұл лаңкестік әрекетке не түрткі болды?
Әдеттегі терракт болып көрінгенімен, түбі әлдеқайда күрделірек...

❗️ Сілтеме: https://youtu.be/oyO6StyPZwo

2 - 0

ALKEYEV
Posted 1 year ago

КЕНЕСАРЫНЫҢ БАСЫ ТАБЫЛДЫ?!

1 - 0

ALKEYEV
Posted 1 year ago

❤️15 СӘУІР - МАХАББАТ КҮНІ

Достар, барша ғашықтарды бүгінгі “Махаббат күні” мерекесімен құттықтаймын! Ғашықтардың махаббаты баянды болсын! Сүйіктісін таппағандар - тауып, бақытты болсын!

❗️Сүйіктіңізді құттықтадыңыз ба?

10 - 1

ALKEYEV
Posted 2 years ago

ҚАРАҚАЛПАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗ БОЛА АЛА МА?

1 - 0

ALKEYEV
Posted 2 years ago

Достар, бірінші ролигім жайлы пікірлеріңізді жіті оқып шықтым. Қолдауларыңызға мың алғыс! Бұл арнама қызу түрде контент дайындау үстіндемін, уайымдамаңыздар! Сіздерге сауалым бар, бұл арнамда қандай контент күтесіздер? Саясат, тарих немесе...?

6 - 0