Channel Avatar

Qazaq AIRAN @UCLroQZ459Ae5zDVYfbUzzbw@youtube.com

None subscribers - no pronouns set

Айран — публицистикалық, әрі сауат ашатын видеоконтент шығар


Qazaq AIRAN
1 day ago - 150 likes

Тауда көшпелі өмір сүріп жүрген қазақтар. Табиғаттың сұлулығы Тәңірдің тартуы болса, сол табиғатта өмір сүретін халық қазақтың бір бөлшегі. Бабадан қалған байырғы көшпелі қазақтардың дәстүрін жалғастырып отырған Нарынқол мен Кеген ауданының қазақтары. Өздерінің айтуынша, тек бір ғана ауылдық окургтен жаз жайлауға екі жүзден астам шопан көшіп барады екен. Олар қаланың қым-қуыт өміріне мүлдем қызықпайды. Несие алу, саясатты талықлау дегеннен мүлдем ада. Олардың өз әлемі бар. Жайлаудың жайдарлы өмірін қыс біткенше тағатсыздана күтеді. Еңбектеген баладан еңкейген кәрісіне дейін олар жазылмаған дала заңымен өмір сүреді, қазақтың байырғы дәстүрін аңсап, жаз шыға тауға үдере көшеді. Сіз қалай ойлайсыз, ғылым дамыған мына заманда байланыссыз, саясаттан тыс өмір сүру қаншалықты ақылға қонымды? Жайлау өмірі несімен қызық? Қазақтың байырғы көшпелі дәуірін қаз қалпында сақтап отырған тағы қандай жерлерді білесіз? Видеоны сілтеме арқылы көріңіз: https://youtu.be/xKCkOMPeBbs

Qazaq AIRAN
6 days ago - 411 likes

Ресейліктер неге қазақтарды қысық көз деп мазақ етті? Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов қамауға алынды. Ол не бүлдірді? Қазақстанның әнұранының авторлары қатарынан Нұрсұлтан Назарбаевтың атын алып тастауды кім ұсынды? Төреғали Төреәлі Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке қандай өтініш айтты? Қуандық Бишімбаевтың анасы неге жылады? Хиджаб киген дәрігерлер еркектерді емдемеуден бас тартып жатыр ма? Келесі жылы тасқын қаупі бар ма? Оны Алладан сұрауға кеңес берген шенеунік кім? Осы және өзге де маңызды жаңалықтарды төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар. Арнамызға жазылуды ұмытпаңыз. Бұл жерде маңызды дүниелер айтылады: https://youtu.be/5vCjkb33cds

Qazaq AIRAN
2 weeks ago - 474 likes

Киіз үйде жартылай жалаңаштанып ерсі билеу өнер ме, қазақты қорлау ма? Бұл қазақты арандату үшін әдейі ұйымдастырылған қойылым ба? Әлде сәйкестік пе? Қазақстандықтардың киіз үйде жалаңаштанып билегендерді жауапқа тарту керек деген талабы қаншалықты орынды? Бишілердің әрекеті заңды ма, заңсыз ба? Ұлттық құндылықтар дегеніміз не және оны заңмен қорғау керек пе?

Осы және өзге де маңызды сауалдарды сарапшылармен талқыладық. Материалды төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар. Арнамызға жазылуды ұмытпаңыз. Бұл жерде маңызды дүниелер айтылады: https://youtu.be/UjvgkmFb2RI

Qazaq AIRAN
3 weeks ago - 169 likes

ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімов неге Тоқаевтан кешірім сұрады? Президент Кәрім Мәсімовке рақымшылық жасай ма? Отанға опасыздық жасау ауыр қылмыс емес пе? Мәсімовтың жазасын шарттыға ауыстыруға мүмкіндігі бар ма? Оған кім араша түсіп жатыр? Осы және өзге де маңызды сұрақтарды сарапшылармен талқыладық. Арнамызға жазылуда ұмытпаңыз. Бұл жерде маңызды дүниелер айтылады.

Шығарылымды төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар: https://youtu.be/Rik6m2wQ8OY

Qazaq AIRAN
3 weeks ago - 143 likes

Қазақ қынадай қырылған репрессияны Әлихан Бөкейханов бастаған «Алашордалықтар» әдейі ұйымдастырды ма? Астаналықтар неге «қайыршы» атанды? Асқан жауызды: балаларға ит-мысықтың етін жегізіп, нәжісін ішкізген. Бұрынғы жүрген қызын сотқа беріп, сыйлықтарын қайтаруды талап еткен кім? Полиция қызметкері неге сыра ішіп, көлік жүргізді? «Өрмекші полицей» Серік Күдебаевты тағы неге айыптады? Қуандық Бишімбаевтың ісін қараған алқабилер кімнен пара алған? Станислав Черчесов Қазақстан футбол құрамасын жаттықтырғаны үшін қанша жалақы алады? Миллиардер Тимур Құлыбаевтың әкесінен қанша миллион доллардың мүлкі тәркіленді?

Осы және өзге де маңызды жаңалықтарды төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар. Арнамызға жазылуды ұмытпаңыз. Бұл жерде маңызды дүниелер айтылады: https://youtu.be/sjm3rxOEIvs

Qazaq AIRAN
4 weeks ago - 755 likes

Ринат Заитов Парламентті тастап кетуі мүмкін және ол бұл әрекетіне мүлдем өкінбейтінін айтты. Ақынның айтуынша Қазақстанның қорғаныс саласы нашар, жауға төтеп беруге қауқарсыз. Қазақтың құндылығы ауысып кеткен. Үкіметте министрлер жалтарма жауаппен отыра береді. Қазақтың құндылығы ауысып кеткен, ал жастары жігерсіз. Заитовтың сөзінше, ескі Қазақстан деген ұғым жоқ және жемқорлық сол баяғы ескі биліктің кезіндегідей әліде жалғасып жатыр. Назарбаев қазақтың сорына біткен тұлға ма? Парламент Мәжілісіне барған Ринат Заитов неге өмірден түңіліп жүр? Оған қомақты ақша ұсынған кім? Пәтер жалдап жүрген шешесінің жағдайын депутат қалай шешпек?

Видеоны сілтеме арқылы көріңіз: https://youtu.be/_Vnk-Nfv7cQ

Qazaq AIRAN
1 month ago - 112 likes

Қайыр сұрау қазақ үшін кәсіби мамандыққа айналған ба? Алматыда жұмыс істемей, қайыршылықпен еш қиналмай ақ күн көруге болады. Байлығы көл-көсір қазақ елінің билігіне қайыршылардың көп болуы сын емес пе? Қайыр сұрауды кәсіп қылғандардың көбі қазақтар және оның ішінде қарттар аз емес. Тіптен күнделкті тамақ қана емес, пәтердің ақысын да жомарт жандардың тастаған ақшасы арқылы жинау алуға болады. Қартайғанда алақан жайып, көшені кезетін ата-әжелеріміздің әрекеттері қазақ еліне таңба ма? Сонымен Алматының қайыршылары күніне қанша мың теңгеге дейін ақша табады? Қайыршылардың арасында да орынға талас бар ма? Осылардың бәрін анықтау үшін әлеуметтік эксперимент жүргізген журналистті қайыршылар қуып шықты. Өмірлері өзгеше, көрген жанның аяушылығын тудыратын қайыршылардың өмірі жайлы Qazaq Airan-ның арнайы бағдарламасынан көре аласыздар

https://youtu.be/cO6Pj94K0EU
https://youtu.be/cO6Pj94K0EU
https://youtu.be/cO6Pj94K0EU

Qazaq AIRAN
1 month ago - 249 likes

Қазақстандағы ең қымбат тойды кім жасады? Келінімен ауыз жаласқан ене қандай жаңа ырым шығарды? Блогер қатын болмайды деген имам кімнің жаназасын шығармайды? Бұттарына ие болмай жүрген қай молдалар? Бишімбаевтың ісі қайта қарала ма? Өзі істі болған экс-шенеунік қандай қызды алуға кеңес береді? Балабақшаға лимузинмен барып жүрген кімнің баласы?

Видеоны сілтеме арқылы көрсеңіз болады: https://youtu.be/eOEVz2a_iTY

Qazaq AIRAN
1 month ago - 113 likes

Су тасқынынан зардап шеккен халықтың шығыны неге өтелмей жатыр? Үкіметтің бағалау комиссиясы қирауға шақ тұрған апатты үйлерді неге жарамды деп таныған? Саяжайлардағы баспаналар суда тұр: Орал әкімдігі неге суды сорғызуға әрекет етпейді? Топан судан зардап шеккендер қашанға дейін қаңғырып далада жүреді? Құлсарының халқы неге ашынып, наразылыққа шықты? Күзге қарай мыңдаған үйдің құлайтыны рас па? Саяжайда тұрған адамдар енді далада қала ма? Эвакуациялық пункттегі адамдар неге аш жатыр? Орталықтарда жұқпалы аурулар тарап жатқаны рас па?

Шығарылымды төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар: https://youtu.be/d4kd10cdc6I

Qazaq AIRAN
1 month ago - 169 likes

Дін жолында жүрген азаматтар бірін-бірі жек көре ме? Қазақты сырттан мазһабтарға кім бөлгісі келеді? Бір қатарда тұрып намаз оқыса да өзара тату емес, ұстанымы бөлек, агрессивті, жұдырық ала жүгіруге жақын ба? Қасиетті ислам дінінің қағидаларын күнде естіп жүрсе де оны шынайы өмірде кіршіксіз алып жүруге неге қауқарсыз? Мәсхабқа бөлінген қауым қоғамда мұсылмандықтың қадірін кетіріп, исламның беделін тым төмендетіп жібермейді ме? Діни жамағатты түрлі ағымдарға бөлу, мәсхабтармен айтыстыру кімге керек? Ұлттық құндылықтарымызды мойындамайтын, салт-дәстүрді харам санайтын қазақ жастары неге көбейіп кетті?

Видеоны сілтеме арқылы көріңіз: https://youtu.be/DZEt9Zwl-68