Channel Avatar

Quran nury @UC3Q05z8i_fYosGA364QxbzA@youtube.com

132 subscribers - no pronouns :c

Құран Кәрім бұрыннан бар. Бұған “қадим” делінеді. Кейіннен ж


About

Құран Кәрім бұрыннан бар. Бұған “қадим” делінеді. Кейіннен жаратылған емес. Мұны тура жолдағы Әһли сүннет ғұламалары сөзбірлігімен айтқан. Кәлами нафси – Аллаһтың сөзі, яғни Аллаһу Та’аланың Кәлам сипаты дегенді білдіреді. Кәлами лафзи де Аллаһтың сөзі, бірақ бұл Аллаһтың сипатынан емес, жаратуынан пайда болған деген мағынаны білдіреді.

Құран Кәрімнің сөздері арабша. Алайда, бұл сөздерді құрастырған Аллаһу Та’ала. Адамның туындысы емес. Құран Кәрімдегі арапша кәлималар Аллаһ тарапынан құрастырылып аяттар түрінде реттеліп, Жәбірейіл атты періште оны сол кәлима және әріптерімен пайғамбарымызға оқыған. Мұхаммед алейһиссалам оны есітіп, жаттап алып дереу сахабаларға оқып берген. Аллаһу Та’ала Құран Кәрімді араптар ішінде құрайыш тайпасының диалектісінде жіберген.